Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы

Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы 6 — 8 мамыр аралығындағы ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы пайда болады. Жауын-шашын түсіп, оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады деп күтіледі, найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да ықтимал, — делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Батыс антициклонының Қазақстан аумағына енуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі мүмкін деп болжанады, еліміздің солтүстік жартысында түнде -3 градусқа дейін аяздайды, үсік жүреді, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін сәл төмендейді.

Оқи отырыңыз: