Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2 наурызда сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап, қайтыс болды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — делінген хабарламада.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнара Садуақасова марқұм болған жасөспірім қай мектептің оқушысы екенін әлі анықталмағанын айтты.