Басты бет Оқиға Атырау: Дәрігерлер мас күйінде ота жасаған перзентханада екі айда 50-ге жуық бала...

Атырау: Дәрігерлер мас күйінде ота жасаған перзентханада екі айда 50-ге жуық бала шетінеген (видео)

Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы екі айда елуге жуық шақалақ шетінеп кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

11 қазан күні жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері атышулы перзентхананың осындай статистикасын жариялады. Осыған байланысты бала өлімі өршіп тұрған орталықтың босану бөлімшесі уақытша жабылатын болды.

Нығмеджан Сапаров, Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

— Перинаталдық орталықтың желдеткіш жүйесі соңғы бір жарым жылдан бері жұмыс істемеген. Соның салдарынан ауада шаң мен инфекция жиналған. Ақылдаса келе, осы жағдайлар орын алған босандыру бөлімшесін уақытша жабу туралы келісімге келдік. Бұл перинаталдық орталық түгел жабылады деген сөз емес.

Аталмыш перзентханадағы төсек жапқыш пен жаялықтар арнайы орында емес, аулада жуылып кептірілген көрінеді. Қазір мамандар ол жерден сынама алып тексеруге кірісті.

Ең сорақысы, дәрігерлердің мас күйінде ота жасап, сәбилерге зақым келтіргені анықталған. Осы жайттардың бәрі бала мен ана өлімінің көбеюіне әсер еткен болуы мүмкін. Себебі, биыл 45 мың сәби дүниеге келсе, оның 442-сі өлі туылған. 432-сі жарық дүниені көре салып шетінеген. Ал бұл былықтардың әшкереленуіне себепкер болған сәби қазасына қатысты деректі жемқорлықпен күрескерлер ойда жоқта анықтаған. Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген Қуаныш Нысанбаевтың телефонын тыңдау кезінде, баланың көзін жою туралы бұйрығын естіп қалыпты.

Нығмеджан Сапаров, Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

— Біз әңгімені естіген бойда сәбиді құтқарып қалу үшін шұғыл жеттік, бірақ үлгермедік. Перинаталдық орталық қызметкерлері ұзақ уақыт бойы есікті ашпады. Ал Қуаныш Нысанбаевты сағаттап іздеп, қаладағы сауналардың бірінен ұстадық. Тергеу жұмыстарынан кейін сәбилердің жаппай өлімінің нақты себебі белгілі болады деп отырмыз.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...