Басты бет Аймақтар Атырау облысы Атырау өңірі кәсіпкерлері шығаратын өнім бойынша облыстар арасында көш бастап тұр

Атырау өңірі кәсіпкерлері шығаратын өнім бойынша облыстар арасында көш бастап тұр

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен слекторлық жиында Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқарма басшысы Айқын Елеусізов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айқын Елеусізов сондай-ақ пандемияға қарамастан Атырауда кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқанын айтты.

«Ағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 49 524 бірлікті құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары. Ал, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 137,8 мың адамды құрап отыр» деді спикер Айқын Елеусізов.

Сондай-ақ оның сөзінше, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарылған өнім көлемі 25,5 пайызға өсіп, Атырау өңірі облыстар арасында көш бастап тұр.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 1646 кәсіпкердің жобасы қолдау тауып, нәтижесінде 6697 жұмыс орны құрылды. Сонымен бірге, он төрт жас кәсіпкер грант иеленді.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов кәсіпкерлікті дамытуға күш салатынын, салаға айрықша қолдау көрсету артатынын айтты.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...