Атырау облысында 170 мектепте 1446 кезекші сынып ашылады

31
Фото: Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

Кезекші сыныпқа​ 21​ мың 637 оқушы барады, деп хабарлайды MediaWorld.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.​

Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады. Бұл туралы Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингте айтты​.

​«Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды.​   Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр.​ Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі» — деді брифинг барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз