Тәртіп сақшылары Құлсарыдағы фермердің өліміне қатысты екінші күдіктіні ұстады. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
6 қыркүйек күні 47 жастағы шаруа қожалығының жетекшісі Нұралы Нұртілеуов мотоциклға мініп, жоғалған жылқыларын іздеу үшін ен далаға кеткен. Содан бері хабарға шықпаған.
Содан үш күн өткен соң Құлсарыдан 30-40 шақырым жердегі зираттардың маңынан оның мотоциклы табылды.
14 қыркүйек күні таңертең зорлық-зомбылық белгілерімен фермердің денесі табылды. Тәртіп сақшылары оның өліміне күдіктіні қолға түсірді. Ол бұған дейін бірнеше рет істі болған 38 жастағы Құлсары тұрғыны болып шықты. Күдіктіден 16 калибрлі мылтық тәркіленген.
Алайда, өңірдің полиция департаменті мұнымен іс аяқталмағанын атап өтті. Іс-шара барысында тағы бір күдікті – 53 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
«Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Айта кетейік, бұған дейін жоғалып кеткен ферма иесінің жақындары Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналып, полицейлердің ер адамды іздестірмей жатқанына шағымданған болатын.
Нұралы Нұртілеуовтің жақындары оны жергілікті мал ұрысы өлтірген болуы мүмкін екенін алға тартты.
Олардың сөзіне сенсек, мал ұрысы талай қылмыс жасағанымен, жазадан құтылып келеді.
Оқи отырыңыз:
- Желіде келіні мен енесінің төбелесіп, шаш жұлысқан видеосы тарап кетті
- Түркістан облысының жастары жалғысбасты анаға үй салып берді
- Кәсіпкерді бір танысы 1 млн долларға облыс әкімі етпек болған