Атырау облысының жаңа прокуроры болып Бауыржан Жұмақанов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы әкімдігінің активіне жаңа прокурорды Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев таныстырды. Бұған дейін Бауыржан Жұмақанов Атырау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Б.Жұмақанов еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының құқықтық статистика органдарында бастаған. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі. Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.