Атырауда ер адам қайын атасының атына 4,5 миллион теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының 65 жастағы тұрғыны банктерден “несие қарызын төлеу бойынша келісімшарт талабын орындамадыңыз” деген қоңыраулар жиілеп кеткенінен күмәнданған. Мәселенің мән-жайын анықтағанда 4 млн. теңгеден астам несиесі бар екенін білген. Алайда бұл қаражаттың бірде-бірін өзі алмағанын айтып, алаяқтар алдады деп полицияға шағымданған.
Шұғыл тергеу амалдарын жүргізген полицейлер бұл қылмысқа күдікті 34 жастағы күйеу баласын анықтап, ұстады.
– Күдікті қайын атасының сеніміне кіріп, 2020 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың қазан айы аралығында түрлі банктер мен қаржы ұйымдарынан 55 мың теңгеден бастап 2 млн. теңге аралығында несие алғандығы анықталды. Барлығы – 4 499 542 теңгені құрады. Аталған алаяқтық фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Азаматтардан өзінің жеке ақпараттарын және банктік есепшоттарының құпиялығын сақтау қажеттілігін ескертеміз, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Оқи отырыңыз:
- «Күйеуіме «тоқал ал» деп өтіндім»: Өмірге 11 қыз әкелген түркістандық ана жан сырын ақтарды
- Қазақстанда қой еті 16%-ға қымбаттады
- Жаңаөзенде қонақ үйде жеңіл жүрісті қыздар ұсталды (видео)
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз