Атырауда бес қабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 14 сәуір күні сағат 18.48-де Атырау қаласында Авангард көшесіндегі үйде болған. 4-қабаттағы пәтерде, 15 шаршы метр ауданда өрт болды.
«1949 жылғы үй иесінің әйелі екінші дәрежелі күйік алған. Ол облыстық ауруханаға жатқызылды, 1949 жылғы үй иесі дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Өрт орнында 1976 жылы туған ұлының мәйіті табылды (2-ші топтағы мүгедек)», — делінген хабарламада.
Өрттің алдын ала себебі отты абайсыз қолдану.
Оқи отырыңыз:
- «77 жасқа келсем де, сәлем саламын»: Тоқсаннан асқан енесіне ерекше құрмет көрсететін шымкенттік әжей жайлы не білеміз (фото)
- 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні
- «Душанбе» телеарнасының журналисін әскерге күшпен алып кетті