Басты бет Спорт Атырауда Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы ашылды

Атырауда Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы ашылды

Атырауда еліміз бойынша тұңғыш рет халықаралық гроссмейстер, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның белгілі шахматшысы Динара Сәдуақасованың Шахмет академиясының алғашқы филиалы ашылды, деп хабарлайды MediaWorld.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Ғайсин, Маңғыстау облысы шахмат федерациясының президенті, Ақтау қаласының құрметті азаматы Меңдеш Салихов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, сонымен қатар, облыстық жастар басқармасының басшысы Роллан Құспан қатысты.

150 адамға арналған, аумағы 450 шаршы метр ғимараттағы Шахмат академиясы Ерниязов көшесіндегі №16 үйдің төменгі қабатында орналасқан. Мұнда топпен және жеке үйренуге арналға арнайы бөлмелер бар. Академияда шахматты шетелде біліктілігін арттырған мамандар үйрететін болады. Сонымен қатар, Динара да онлайн сабақтар беріп, мастер-класс өткізу үшін арнайы келіп тұрады.

— Біз барынша ірі, халықаралық турнирлер өткізіп тұруға тырысамыз. Атыраулық балалар үшін біліктілік турнирлерін өткізіп тұрудың маңызы зор. Турнирлер туралы ата-аналар мен балалар алдын ала біліп отыруы үшін жыл соңына дейін біз арнайы күнтізбе жасаймыз. Тағы айта кететін бір жағдай, мұнда мүмкіндігі шектеулі, жетім және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар үшін тегін үйрену мүмкіндігі бар, — деді Динара Сәдуақасова.

Сонымен қатар, Академияның ашылу салтанаты аясында жүлде қоры 800 мың теңгелік «Atyrau chess open 2019» турнирі ұйымдастырылды. Сайысқа 6-72 жас аралығындағы 100-ге жуық шахматшы қатысты. Ойын нәтижесі ертең белгілі болады.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясына 4 жастан асқан балалар және ересектер жазыла алады. Барлық ақпарат www.atyrau_academyofchess.kz сайтында орналасқан, сондай-ақ 8 702 341 51 51 телефон номері арқылы да білуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...