3 шілдеде Атырауда Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі катер соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, оқиға 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында болған. Атыраудағы Жайық өзенінде серуендеуге арналған екі катер соқтығысып қалған.
«Бірінде 10 адам, екіншісінде 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Облыстық ПД қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Автор: Айзат Ермекқызы