Басты бет Аймақтар Атырау облысы Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды

Атырауда Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды

Атырауда Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға ескерткіш ашылды, деп хабарлайды MediaWorld.kz   облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау халықаралық әуежайы алаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш ашылды.

1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Оның ерлігіне бас иген жерлестері әуежай алдында батырға арналған ескерткіш орнату туралы бастама көтерген болатын. Бүгінде бастамашыл топтың ұсынысы қабыл болып, тарихи сәт туды. Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ескерткіштің орнатылуына бастамашы болғандардың бірегейі — «Айқын» газетінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі Тұрсын Қалимова мен батырдың бауыры, жерлестері келді.

Олар Хиуаз Доспанованың батырлығы мен қайсарлығын ұлықтады.

— Ел басына күн туған сәтте ер азаматтармен бірге сапқа тұрды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз. Ешкім оларды міндеттемеді. Жүрек қалауымен елдің болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен елдің даму стратегиясында көрсетілген межелердің бірегейі – әйел қауымына үлкен құрмет көрсету. Сондықтан да бүгінгі салтанатты шара барша аналарымызға, қазақ қыздарына соның ішінде бірегейі — Хиуаз Доспановаға құрмет болып табылады, – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Атырау Халықаралық әуежайына орналасқан ескерткіштің биіктігі – 2м 30см. Қоладан құйылған мүсіндік бейнесінде Хиуаз Доспанованың соғысқа аттанған бойжеткен қалпы сақталған. Еске сала кетейік, «Халық қаһарманы» 2008 жылы 20 мамырда өмірден өтті.

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...