Атырауда көпқабатты үйдің 3-қабатына ілініп тұрған қария құтқарылды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Атырауда көпқабатты үйдің 3-қабатынан 70 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 21 мамырда болған. Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында сағат 14:00 шамасында көпқабатты үйдің 3-қабатынан егде жастағы ер адам ілініп тұрған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының 102 арнасына хабар түскен.

«Осы дерекке байланысты учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев аталған мекен-жайға жедел жетті. Полиция инспекторлары 3-қабатта тұрған 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейін тәртіп сақшылары егде жастағы ер адам көпқабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерінде кілттеніп қалғанын анықтады.

Оқи отырыңыз: