Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған дәрігерлерге қатаң жаза кесілді

225
Фото: Ақ Жайық

Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды, — деп жазды Ақ Жайық.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

Естеріңізге сала кетейік,  2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.

Оқи отырыңыз: