Атырауда жер үйдегі қазандық жарылды, зардап шеккендер бар

Фото: Атырау облысының ТЖД

Шағын аудандағы тұрғын үйдегі қазандық жарылып, оның артынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 шағын аудан көшесіндегі жеке тұрғын үйдегі жарылыс 10 қараша күні сағат 01:24-те орын алды. Газдың жарылуы салдарынан 120 шаршы метр аумақты өрт шалды. Нәтижесінде тұрғын үйдің шатыры мен іші толық жанып кетті, деп хабарлады Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Фото: Атырау облысының ТЖД

Ведомство нақтылағандай, өрт сағат 02:15-тен 02:40-қа дейін сөндірілді.

Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жатқызылды, деп қосты облыстық ТЖД.

Өртті сөндіруге ТЖД-нің 16 қызметкері мен алты техникасы, тоғыз адамнан тұратын жедел жәрдем бригадасы (үш бірлік техника), полиция департаменті (сегіз адам және үш бірлік техника) жұмылдырылды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз