Атырауда Жұлдыз шағын ауданында екі күн бұрын жоғалып кеткен 1,5 жасар сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
«Бала табылды, өкінішке қарай, ол көз жұмған», — деп мәлімдеді ведомстводан.
Еріктілердің айтуынша, баланың денесі қоқысқа толы ескі септиктен табылған.
Сәбидің жоғалып кеткені туралы ақпарат 20 мамыр сағат 14.01-де түсті.
Бала үйінен шамамен сағат 13.30-да шығып, сол күйі оралмаған. Көрші үйде орнатылған камераға баланың әуелі аулада болғаны, кейін көшеге шыққаны түсіп қалған.
Бала анасы бір-екі минутқа үйге кіріп шыққан кезде із-түссіз жоғалып кеткен.
«Біз көшелерді аралап, тұрғындардан сұрастырып шықтық, бірақ еш нәтиже болмады. Содан кейін әлеуметтік желілер арқылы еріктілерді тарттық», — дейді қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Биғамбаев.
Сәбиді іздеуге 50 полицей мен 400-ге тарта ерікті жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
- Өскемен тұрғыны таныс қызының көлігін өртеп жіберді (видео)
- «Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді
- Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Коллаж: NUR.KZ. Фото: Ақ Жайық, facebook.com/olzhas.sultanov
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз