Атыраулық жүргізушіге Нұр-Сұлтаннан айыппұлдар келіп, алаяқтық анықталды

39
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Нұр-Сұлтан қалалық тәртіп сақшылары Toyota Estima жүргізушісін арнайы нұсқаулықпен жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланғаны үшін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру кезінде екі бірдей нөмір анықталды, оның бірі Атырауда кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айып тұрағында тұрғаны анықталды.

— 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап атыраулық көлік автотұрақта тұрған. Ал оған жақында Атырауда тұратын пәтерінің мекен-жайына Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелген айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек келе бастаған. Көлік иесі полицияға арыз жазды, — деп хабарлады елордалық ПД.

Полиция Нұр-Сұлтанда оның «егізі» барын анықтап, айыппұл тұрағына қойды, тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: