Бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, бесінші шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин шараларына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. Айжан Есмағамбетова эпидемиологиялық жағдайы тұрақты қалалардың не себепті карантинге жабылып жатқанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Аурудың тарау көрсеткіші төмен елді мекендер мен өңірлердегі карантиндік шаралар дәл сол өңірге инфекцияның кіруі мен тарауын болдырмау әрі алдын ала ескерту үшін енгізілуде» , — деді Есмағамбетова.
Бас мемлекеттік санитар дәрігер карантин шаралары мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға ғана емес, әр өңір мен әрбір елді мекенге байланысты күшейтілетінін түсіндірді.
Карантин деңгейін анықтау үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады. Бүгінде ол аурудың тарау өсімі, ауруханадағы орындардың коэффиценті мен R деген репродуктивті сан болып табылады. R көрсеткіші бір науқас адамнан қанша адам вирус жұқтырып алуы мүмкін екенін анықтайды.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың ушыға бастауына орай мемлекеттік комиссия ел аумағына бесінші шілдеден бастап, екі апталық қатаң карантин енгізу шешімін қабылдады.
Фото: NUR.KZ
Оқи отырыңыз:
- Ауа желдеткіш коронавирус тарата ма?
- Жәбірленуші әйелдің телефонын абысыны ұрлап кеткен
- Ақтау қаласы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз