Басты бет Саясат Президент "Ауыл тұрғындары қиналып жүр": Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

«Ауыл тұрғындары қиналып жүр»: Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

«Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 миллион гектар, соның 88%-і пайдаланылып отыр. Ауылдық елді-мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек», — деді президент.

Тоқаев биылғы жолдауында бәленбай гектар алып, бірақ пайдаланбай отырған латифундистерден жерді алып қоюға тапсырма бергенін еске салды.

«Бұл өте маңызды тапсырма, әдемі сөз үшін айтыла салған жоқ. Қазір еңбекқор, адал фермерлер, шаруалар жұмыс істеп, мал бағатын жер таппай отыр. Осындай күнге жеттік. Менің тапсырмам өте баяу орындалып жатыр. Қазіргі жағдайды өзгертпеуге мүдделі біреулер қысым жасап жатқан секілді», — деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етуде Ақмола облысының маңызы зор екенін атап өтті.

«Ақмола облысының артықшылықтары көп. Ең бастысы, бұл аймақ елордамен іргелес орналасқан. Бұл дегеніміз – үлкен нарық. Әкімдік осы бағыттағы жұмыстарды қолға алуы керек», — деді ол.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды. Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді деп хабарланған еді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды (фото)

Лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 17 қаңтарда Павлодарда өңір басшысы Болат...

ҰҚК арнайы операция кезінде 17 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздік қызметі Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда ауқымды арнайы операция жүргізді. 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҰҚК қызметкерлері мемлекетке айтарлықтай...

Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты

Екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында...

Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Мемлекеттік аннуитет компаниясының басқарушы директоры Әлемжан Ақажанов зейнеткерлік аннуитет шарттарының қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Зейнеткерлік аннуитет" қалай беріледі? Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақы...

Ақтаулық атышулы хирург 14 жастағы қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда белгілі хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл...

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Жәбірленушінің өзі жезөкшелікпен айналысқан! Зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған бойжеткенге қатысты Алматы полициясы жаңа дерек айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оңбай таяқ жеген қыздың өзі...

Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

16 қаңтарда Алматы облысы Панфилов аудандық сотында "шекараны заңсыз бұзды" деп айыпталған Шыңжаң қазағы 30 жастағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Тәбәрікұлын...