Басты бет Оқиға Ауылдың екі адамы құны 9 млн теңгелік сирек балықпен ұсталды (фото)

Ауылдың екі адамы құны 9 млн теңгелік сирек балықпен ұсталды (фото)

Павлодар облысында 5 қазаннан бастап «Браконьер» жедел — алдын алу іс-шарасы басталды, оның аясында облыстың барлық аудандарында табиғат қорғау полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. Нәтижелер ұзақ күттірген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд барысында, түнгі сағат 22.09-де Байқоныс ауылына жақын жерде Ертіс өзенінің жайылмасында, ПД ЖПБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері, ЖҚАЖ жауынгерлері Тереңкөл ауданының полицейлерімен бірге 1983 және 1963 жылы туған екі ауыл тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғындарының өзенге кеш келуі, әрине, тәртіп сақшыларына күдік тудырды.

УАЗ автокөлігінің салонын тексеру кезінде полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау арсеналын анықтады.

© Фото: Павлодар облыстық ПД

© Фото: Павлодар облыстық ПД

Полиция қызметкерлерімен «НАNGKAI» маркалы моторы бар үрлемелі резеңке қайық, 5 дана балық аулау желісі, үшкір, қармақ, сондай-ақ, Тереңкөл тұрғындарының заңсыз аулаған — 136 дана стерлядь тұқымды балық тәркіленді.

Балықтың салмағы 35 кг-ды құрады — бұл салмақ аса ірі болып саналады. Шығын сомасы 9 млн теңгені құрады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының аумағында жыл бойы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынды. Бұл шешім сирек кездесетін балықтардың санын сақтауға және арттыруға бағытталған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 50-ден астам заң бұзушылықты анықтады.

«Браконьер» алдын алу іс-шарасы Павлодар облысының барлық аумағында 05-31 қазан аралығында өткізіледі. Негізгі мақсаты — табиғат қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын, экологиялық қылмыстарды ашуды анықтау және жолын кесу.

Полиция қызметкерлері белгіленген заңнама талаптарын бұзғаны үшін тек әкімшілік ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің...

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ажал құшқандардың саны 2800-ге таяған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Фото pixabay.com сатынан алынды Ресми атауы...

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды (видео)

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды https://youtu.be/ke8lkjNuAec Есірткі қылмысына қарсы...

Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik...

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды "25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне...

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді,...

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды Мәжілістің...