Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басын шығарып тұрған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде таралды. Бейне бойынша тексеру жүргізілді. Екі бала жолда келе жатқан “BMW” автокөлігінің терезесінен басын шығарған, сонымен қатар, балалардың біреуі алдыңғы жолаушылар орындығында отырған. Бұл оқиға Ақсу қаласында орын алған.
Басқа факті Павлодар қаласында тіркелді. “Тойота” автокөлігінің терезесінен кәмелетке толмаған екі қыз басын шығарған. Көлік жүргізушісі – балалардың 39 жастағы анасы.
Жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 1-бөлігі (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол қозғалысы ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану бойынша талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
5 АЕК айыппұл салынды. Сондай-ақ, жүргізушілермен ЖҚЕ қатаң сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Мұндай бұзушылықтар қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін.
Фото: видеодан алынған кадр
Оқи отырыңыз:
- Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді
- Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
- Ресейде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз