Автосалонда істеймін деп біреудің қымбат көліктерін сатып жіберген

Фото: pixabay.com

Қызылорда тұрғыны өзін автосалон менеджерімін деп таныстырып, жергілікті тұрғынның қымбат көліктерін сатып жіберген. Полиция 27 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәбірленуші Қызылорда қалалық полициясына арыз түсірді. Айтуынша, ол күдіктімен тамыз айында танысқан. Өзін автосалонда менеджер болып істеймін деп таныстырып, автокөліктерді салон арқылы сатып беремін деп уәде еткен.

«Тексеру барысында күдікті жәбірленушіні Toyota орталығының менеджерімін деп алдап, Tоyota Higlander және Tоyota Camry 70 маркалы автокөліктерді иемденіп алғаны анықталды. Қала тұрғынының сеніміне кіргеннен кейін, ол көліктерді сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 27 миллион 600 мың теңгені құрады», — деді Қызылорда облыстық полиция департаментіндегілер.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір күдіктінің алаяқтықпен айналысқаны дәлелденді.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз