«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Атап айтқанда, 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта жаңбыр жауады деп күтіледі. Сонымен қатар бұл аймақтарда найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Осыдан кейін солтүстік-батыс антициклонның келуіне байланысты батыста жауын-шашын тоқтап, қалған өңірлерде ауа температурасы төмендеуі ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктер 26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады деп болжап отыр.
Автор: Нұрила Ермекбай
Оқи отырыңыз:
- «Вейптерді сатуға тыйым салу қажет»: депутат үкіметке ұсыныс жасады
- Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады
- ҚазҰУ жерінің бір бөлігін жеке компанияға беру кезінде заңбұзушылықтар анықталды