Басты бет Қоғам Дін Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қаза оразасы барлар өзі тұратын елді мекеннің намаз кестесін басшылыққа алуы тиіс. Әдеттегідей таң намазы басталғанға дейін ас-суын ішіп, шам намазы кірген уақытта ауыз ашады.

Рамазан айынан қалған қарыз күндерді арасын үзбей де, бөліп те ұстауға рұқсат етілген.

«Қаза оразаны мүмкіндігінше тездетіп ұстап біткен абзал. Алла Тағала Құранда ауырып қалып немесе сапарға шығып, белгілі бір себептермен ораза ұстай алмайтын болса, оны кейінгі күндерге қалдырсын дейді. Егер денсаулығына байланысты қаза оразасын ешқашан өтей алмайтын болса, онда ол адам підия төлейді. Підия дегеніміз – бір адамның таңғы және кешкі тойып ішетін тамағы. Биыл оның ақшалай мөлшері шамамен 1700 теңге», — деп түсіндірді Медет Құрмашұлы.

Яғни, қаза оразаны ұстауға шамасы келмегендер мұқтаж жандарды тамақтандырады немесе ақшалай береді.

Басқарма өкілі қарыз күндерді келесі Рамазан айына дейін ұстап біткен абзал дейді. Ал егер келесі ораза келіп қалып, адам қарызын әлі өтеп бітпесе, онда келесі оразаны ұстай береді. Қаза күндерін Рамазан айы аяқталған соң бір-ақ өтейді.

Сонымен қатар, Медет Құрмашұлы Рамазан айының артынан келетін Шәууәл айына да тоқталды. Бұл ай, әдетте, отыз күнге созылады.

«Шәууәл айында адамдар алты күн ораза ұстайды. Бұл нәпіл ораза деп аталады. Алты күндік оразаның сауабы өте мол. Нәпіл ораза ешкімге міндет емес, ұстау-ұстамау әркімнің өз еркінде. Яғни, нәпіл оразаны ұстамағандар күнәһар болмайды», — деді бөлім маманы.

Ол алты күндік оразадан бұрын қаза оразаны бірінші ұстап өтеуге кеңес берді.

«Қаза ораза мен нәпіл оразаға ниет етудің арасында айырмашылық бар. Қаза оразаға түннен бастап ниет қылу керек. Ал нәпіл оразаға бесін намазына бір сағат уақыт қалғанға дейін ниет етсе болады. Қаза оразаны өтеген кезде, түнде ауыз бекітуді ұмытып, таңертең тұрып ниет қылу дұрыс емес. Түннен бастап ниет ету міндет», — деді басқарма өкілі.

Айта кетсек, биыл коронавирус індетіне байланысты Рамазан айы елдегі төтенше жағдай режимімен тұспа-тұс келді. Республикада барлық мешіт жабылып, жамағатпен оқылатын намаздарға тыйым салынды. Қазақстандықтарға қасиетті Қадір түнін де үйде қарсы алуға тура келді. Вирустың таралуына жол бермеу үшін мешіттерде Ораза айт намазы оқылған жоқ.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...