Қазақстанға А гепатитіне қарсы Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабековаға сілтеме жасап.
Ол қытайлық вакцинаны қолдануға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, вакциналарды сатып алу процесі әлі аяқталмағанын атап өтті.
«Тендерге Қытайда өндірілген вакцинаны жеткізушілер қатысты. Олардың екеуі елге бір реттік әкелуге рұқсат алды. Вакцина мәлімделген сапаға сәйкес келетіндігін анықтау үшін біз бүгін бір реттік әкелуге рұқсатты тоқтаттық», — деді Бюрабекова.
Тиісті тексеріс және қызметтік тергеу жүргізілгеннен кейін рұқсатты қайтарып алу немесе әкелуге рұқсат беру туралы шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз:
- Дәрігерлердің жалақысы екі есеге өседі
- Алматы түбіндегі апат: ұшақтың «қара жәшігіндегі» жазбалар оқылды
- Жұмбақ жағдайда көз жұмған елшілік қызметкеріне тағы бір сараптама жасалды