Басты бет Қоғам Денсаулық Қазақстан азаматтарының Түркияда емделуіне рұқсат етіледі

Қазақстан азаматтарының Түркияда емделуіне рұқсат етіледі

Түркия 31 елдің азаматтары үшін медициналық қызметтерге енгізілген шектеулерді алып тастады, оның ішінде Қазақстан да бар. Шешім 20 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Енді Қазақстан, Ресей, Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Греция, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды елінің медициналық туристері шекарадан өте алады.

Келетін науқастардың қолында коронавирусқа қатысты сынақтың теріс нәтижесі болуы керек.

Ал Түркияға баратын шетелдіктер ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, мүшелер мен сүйек кемігін трансплантациялау сияқты қызметтерді қолдана алады.

Пациент туралы мәліметтер алдымен медициналық бақылаудың халықаралық жүйесіне жіберіледі. Егер алдын-ала рұқсат алынған болса, азаматтарға түрік ауруханаларында емделуге рұқсат беріледі.

Айта кетейік, Түркияда коронавирус жұқтырған 140 мыңнан астам жағдай анықталды. Төрт мыңнан астам адам қайтыс болып, екі мыңнан астам адам емделіп шықты.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Туыстар чатынан тарап кеткен хабарлама елді дүрліктірді

Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған аудиохабарламға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Автор хабарламаны мессенджердегі туыстарының чатына жіберген. Жазба жан-жаққа тарап кеткен, деп хабарлайды...

Екпе алмаған ата-аналар мен балабақша туралы желідегі ақпаратқа түсінік берілді

Желі қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы COVID-19-ға қарсы егілмеген балаларды балабақшаларға қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz. ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау...

Нұр-Сұлтанда вакцина алмағандар күндіз жұмыс істей алмайтын болды

Елордада 2 тамыздан бастап жаңа карантиндік шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына...

«Төсек-орындар лезде толып жатыр»: Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады

Елордалық дәрігерлер қаладағы эпидемиологиялық жағдайға алаңдаулы. Инфекциялық стационарларда науқастар көбейген, әрбір екінші пациентке оттегі концентраторы қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына...

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты: не өзгерді

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Құжатқа сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, әкімшілік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ,...

Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің сөзін жоққа шығарды

Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің вакциналау туралы тұжырымын жоққа шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Шымкент дәрігері Айна Бакееваның айтуынша, ешбір вакцина...

Автобуста өзіне жымия қараған жігітті екі жыл бойы іздеген ару ақыры оны тауып алды

Америкалық ару автобуста өзіне жымиып күлген жігітті екі жылдан соң бірақ тапқан. Бір көргеннен бір-бірін ұнатқан жастар, бүгінде қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген...