2020 жылдың басынан бері алынбаған салықтар есебінен Қазақстан бюджеті 1 трлн теңгеден астам түсімсіз қалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
— 9 айдағы бюджет шығынын шамамен 1 трлн 100 млрд теңгеге бағалап отырмыз. Оның үстіне, түрлі жеңілдіктер мен қолдаудың өзге де түрлері деп, бизнеске 1,5 трлн теңгеге қолдау көрсетілді, тағы 300 млрд теңге – тікелей шығын болды, — деді Сұлтанғазиев.
Оқи отырыңыз:
- Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?
- «Сотқа жібереді»: отбасында жанжал шығаратындар қалай жазаланады
- Жөзекше жігіттер қоғамға керек – қоғам қайраткері