Қазақстан экономикасы 2,5 пайызға құлдырауы мүмкін — Дүниежүзілік банк

27
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Орталық Азия елдерінің экономикасы 2020 жылы 1,7 пайызға қысқарады, бұл аймақта өткен жылғы өсім 4,9 пайызға өссе, биыл, керісінше керіге кетеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік банк жариялаған «Еуропа мен Орталық Азияның экономикалық болжамы: COVID-19 және адами капитал» баяндамасында айтылған, деп хабарлайды CentralAsia.

Коронавирус пандемиясы Орталық Азия аймағы елдеріне әсер етті.

Биылғы жылы Қазақстанда экономикалық құлдырау 2,5 пайыз, ал Қырғызстанда 5,5 пайыз болады деп күтіледі. Тәжікстан мен Өзбекстан рецессияны болдырмауға мүмкіндік алады, бірақ олардың болжамды ЖІӨ өсу қарқыны айтарлықтай жоғары болмайды: Тәжікстанда 1,6 пайыз және Өзбекстанда 0,6 пайыз, яғни өткен жылғы көрсеткіштеріне сәйкесінше 7,5 және 5,6 пайыз болуы мүмкін.

Пандемиядан туындаған экономикалық қиындықтар бүкіл Орталық Азия елдерінде кедейлік көрсеткішінің өсуіне әкеледі деп күтіледі.

Кедейлік шегі күніне 3,20 доллардан есептелген кезде 1,4 миллионға дейін адамды кедей санатына жатқызуға болады.

Орташа табысы бар жоғары елдерде (мысалы, Қазақстан) кедейлік шегі күніне 5,50 долларды құрайды.

Осы формула бойынша аймақтағы кедейліктің өсімін есептесек, 1,8 миллион адамнан, ал қолайсыз сценарий бойынша 2,6 миллион адамнан асуы мүмкін.

Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы экономикалық өсімнің 2021 жылы 3,1 пайызға дейін қалпына келеді деп болжайды.

Оқи отырыңыз: