Басты бет Қазақстан Қазақстан елшісі қажыларға көмектескені үшін Мекке әміріне алғыс айтты

Қазақстан елшісі қажыларға көмектескені үшін Мекке әміріне алғыс айтты

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшісі Берік Арын Мекке провинциясының әмірі ханзада Халед бен Әл-Фейсал бен Әбдельазиз Әл Саудпен ізеттілік кездесуін өткізді, , деп хабарлайды MediaWorld.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы қарым-қатынастарының қазіргі деңгейін талқылап, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық байланыстарының кеңейту жолдары бойынша пікір алмасты.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Корольдікпен саяси, сауда-инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі тығыз нығайтуға мүдделілігін қуаттады. Осы тұрғыда ол Жидда мен Мекке сауд-өнеркәсіп палаталарының көп жылдық тәжірибесін назарға ала отырып, екі ел іскер топтарының тікелей байланыс орнатуларын жан-жақты ынталандыру маңыздылығын атап өтті.

Елші САК Үкіметіне және Мекке провинциясының басшылығына, ханзада Халед Әл-Фейсалдың жеке өзіне Қазақстан азаматтарының Умра мен Қажылық жасаулары барысында көрсетілген көмегі үшін алғысын білдірді. 2019 жылғы қажылық маусымының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атай отырып, қасиетті Сауд Арабиясына елімізден үстіміздегі жылы 3200 қажының келгендігін жеткізілді.

Сонымен қатар, Б.Арын ханзада Халед бен Әл-Фейсалды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын биліктен кетуі туралы қабылдаған тарихи шешімінен кейін еліміздің ішкі өмірінде орын алып жатқан маңызды оқиғалармен таныстырды.

Биік Мәртебелі ханзада Халед Әл-Фейсал мұсылман елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы ел ретінде саналатын Қазақстанмен жанжақты ынтымақтастықты дамытуға Сауд Арабиясының дайындығына сендірді. Сондай-ақ ол Қазақстаннан және басқа да елдерден келетін қажыларға қолайлы жағдайлар жасап көмек көрсету Корольдіктің құрметті әрі мәртебелі парызы екендігін мәлім етті.

Мекке провинциясы Сауд Арабиясының батыс бөлігінде орналасқан және Корольдіктің халқы саны жағынан ең үлкен әкімшілік орталығы болып саналады (халқының саны 8,3 млн., территориясы 153 128 шаршы метр). Провинцияға 12 әкімшілік орталық (губерния) кіреді, оның ішінде елдің ірі экономикалық орталығы болып табылатын Қызыл теңіздің жағасында орналасқан Джидда қаласы бар.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова блок бекеттердің алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Айтуынша, барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. "Карантин режимін жеңілдету...

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...