Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуына орай қауіпті елдердің тізімі өзгертілген жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бас санитарлық дәрігердің жаңа жарлығы 7 наурыздан бастап күшіне енді.
Өзге елдерден келген қазақстандықтар барлық жазылған ережелер мен сақтық шараларын сақтауы тиіс. Атап айтқанда, олар медициналық мекемеде карантиннен өтіп, сондай-ақ үйде дәрігерлердің бақылауында болуы керек.
Аталған іс-шаралар коронавирустың республика аумағына таралуының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.
Сонымен, COVID-19 бойынша ең қауіпті елдер тізімі:
- 1А санаты (медициналық мекемеде міндетті карантин) – ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея; 1Б санаты (екі апта үйдегі карантин) – Италия.
- Екінші санат – Германия, Испания.
- Үшінші санат – Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, Сирия, Гонконг.
Оқи отырыңыз:
- «Айтуға ұяламын»: қазақстандық депутаттар сүйіктісіне қандай сыйлық береді
- Қазақ әншілері әйелдер мерекесінде қандай сыйлық жасайды
- Алматы облысы Қаратал ауданына әскерилер тартылды
Фото pixabay.com сатынан алынды