Басты бет Қоғам Дін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавируске қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавируске қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың таралуына байланысты жамағатқа кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Құрметті отандастар! Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда, дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйде орындауға кеңес береміз», — деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматын қоғамдық орындарда тазалық ережелерін сақтап, өз денсаулығына асқан мұқияттылықпен мән беріп, сақтанып жүруге шақырды.

«Бүгінде бүкіл әлем халқына коронавирус қаупі үрей сеуіп, дерттің өзінен гөрі күннен-күнге өршелене түскен дақпырты мен дабылы дүние жүзін дүрліктіріп жатыр. Төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытып, немкетті қарау – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері бек мүмкін», — дейді басқармадағылар.

Қытайдан тараған коронавирус

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 6 қаңтардан бері мемлекеттік шекарада бір миллионға жуық азамат тексерілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус анықталған жоқ.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 026-ға жетті. Аурудан 2912 көз жұмды, 44 462 адам дерттен айықты.

Коронавирус Қытайдан бөлек әлемнің 58 еліне тарап үлгерді. Бұл елдерде 104 адам қайтыс болды, ал вирус жұқтырғандардың саны – 7 169.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сатынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...