Басты бет Қоғам Дін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдемесі

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:

  • Жұма намазынан алдын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
  • Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
  • Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
  • Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.

Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз:

Фото: muftyat.kz

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...