Басты бет Саясат Қазақстан мен БАӘ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен БАӘ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммад әл-Джаберді қабылдады, деп хабарлайды MediaWorld.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері соңғы жылдары елеулі оң серпін алған дәстүрлі достық, әріптестік қарым-қатынастарды байланыстырады. Біз барлық салалардағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі де белсенді түрде арттыруға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды салыстыруға, Қазақстан-әмірліктік екі жақты қатынастардың құқықтық негіздерін нығайтуға бірлесіп жәрдемдесуге ниеттіміз», — деді СІМ басшысы.

Кездесу барысында әмірлік Елші министрге БАӘ Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әмірліктерге сапармен келіп қайтуға шақыруын табыс етті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары тең төрағалары болып табылатын Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысына дайындық келіссөздердің ерекше тақырыбы болды. Тараптар бұл комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің басты тетігі болып табылатынына келісті.

Ғарышты игеру бойынша бірлескен ынтымақтастық кең перспективалары ашады. Осыған байланысты, тараптар №1 алаңда («Гагариндық старт») «Союз» старттық кешенін және ұшыру қызметтерінің әлемдік нарығында сұранысқа ие «Союз-2» орта класты зымыран тасығышын жаңғырту жолымен «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жобаның маңыздылығын атап өтті. Қазақстан және Эмираттармен қатар Ресей Федерациясыда жобаның серіктесі болып табылады.

Әмірлік тарап БАӘ ғарыш саласын дамытуға қолдау көрсеткені және ынтымақтастығы үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Елші сондай-ақ, 25 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан бірінші әмірлік ғарышкер Хазаа әл-Мансуридің ұшуы жоспарланғанын және осы стартқа БАӘ Жоғары білім беру мемлекеттік министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Ахмад Белхул Әл Фаласидің қатысуы жоспарланғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...