Қазақстан әуе компаниясының президенті Ливияға қару-жарақ тасымалдаған

73
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ливияға заңсыз қару-жарақ тасымалдауға Қазақстанның екі азаматы қатысты болып шықты. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, биыл ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларының бұзылуы бойынша хаттарды ұсынды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, БҰҰ ҚК эмбаргосын Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен бұзған үш әуе компания бойынша жұмыстар жүргізді («Azee Air» ЖШС, «Sigma Airlines» ЖШС, «Jenis Air» ЖШС).

Осы пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері — Біріккен Араб Әмірліктерінде («AGANYA LTD») және Британдық Виргин аралдарында («Infinitive Seal Inc») тіркелген шетелдік компаниялар.

— Заңсыз қару-жарақ тасымалы фактілерін анықтау жөніндегі инспекторлар тобы үш ұйымға қатысты тергеуді жалғастырады және бір жарым ай бұрын бізге олар осы ұйымдарға қатысты шаралар қабылдайтындығын ескертті. Еуропалық Одақпен бірлесе отырып, біз Sigma Airlines авиакомпаниясына қатысты шара қолдандық. Бүгінгі таңда Sigma Airlines авиакомпаниясы Еуропа елдерінің қауіпсіздігі мақсатында Еуропаға ұшуға құқығынан айырылды. AzeeAir және JenisAir әуе кемелері Ливия қатынап жатыр, себебі олардың ұшақтары Қырғыз Республикасында тіркеген, — деді Гриффитс.

Ол сонымен қатар қылмыстық іс-әрекеттерге Қазақстанның екі азаматының ғана қатысы барын, онда да оның бірі Sigma Airlines авиакомпаниясының президенті екенін атап өтті.

— Рейстер Қазақстаннан емес, БАӘ аумағынан және Египет, Иордания сияқты елдерден жүзеге асырылған. Шындығында, Қазақстан әуе рейстері ыңғайлы әдіс ретінде қолданылады, яғни ұшақ сыртында Қазақстанның туы қолданылады және бұл әрекеттерді Қазақстан қолдамайды, деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, Азаматтық авиация комитетінің бұрынғы басшылығы шетелдік авиакомпанияларға Қазақстан туын пайдалануға және басқа елдерде ұшуына рұқсат берген.

Оқи отырыңыз: