Басты бет Қазақстан Қазақстан Қытайға нота жіберді - студенттер елге қашан жеткізіледі?

Қазақстан Қытайға нота жіберді — студенттер елге қашан жеткізіледі?

Қазақстан Ухань қаласындағы өз азаматтарын арнайы бортпен эвакуациялауға дайын. Осыған орай, Қытайға арнайы нота жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, күні кеше Қытайда шетелдік дипломаттардың қатысуымен арнайы брифинг ұйымдастырылды. Сол жерде Қытай елшілігі коронавирусқа қатысты жағдайдың мән-жайын айтып берген.

«Енді, олар бәрін бақылауда ұстап отырмыз деді. Барлық шараның қабылданғанын айтты. Сосын өзге елдің азаматтары тұрғылықты жері бойынша ешқайда шықпаса екен деген өтінішін жеткізді. Бірақ шет мемлекеттер өтініш білдірсе, эвакуация мәселесін қарастыруға дайын екен», — деді Нұрышев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты Қазақстан Қытайға ресми нота жолдап, Ухань қаласындағы студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықтауға кірісті.

«Уханьда 98 қазақстандық студент бар. Қазіргі кезде дипломаттар әрбіреуіне қоңырау шалып, үйге қайту мәселесін талқылап жатыр. Олардың ниеті ескеріледі. Сөйтіп, үйге қайтқысы келетін студенттердің санына қарай арнайы бортты жіберу жағы қарастырылады. Дипломатиялық рұқсат беру мәселесі Қытаймен келісіліп жатыр», — деп атап көрсетті Нұрышев.

Тағы оқыңыз: Қытайдан ұшып келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «жауып» тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы жабылды. Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмды. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...