Басты бет Қоғам Қазақстан Қытайдан 83 адамды эвакуациялады – барлығы карантинге алынды

Қазақстан Қытайдан 83 адамды эвакуациялады – барлығы карантинге алынды

Қытайдың Ухань қаласынан 83 қазақстандық, соның ішінде 80 студент елге оралды. Барлығы 14 күндік карантинге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандастарды елге 2 ақпан күні денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жеткізді. Ұшу кезінде азаматтармен бірге қазақстандық дәрігерлер де болды.

«Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін, елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды», — деп хабарлады үкімет жанындағы Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Қазақстандықтар жеткізілген клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған, тиісті медициналық қызметкерлері бар.

«Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирус инфекциясына тестілеуден өтеді. Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады», — делінген хабарламада.

Эвакуацияланған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына хабар берілді. Олар карантиндік кезеңнің регламентімен танысты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасымен Қытайға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қырғызстан, Беларусь және Армения билігінің өтініші бойынша бұл елдердің де азаматтары Ухань қаласынан эвакуацияланды.

Барлық қажетті ақпаратты алу үшін тәулік бойы 1406 сall-орталығы жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...