Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Дүйсенбі, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бұл Қытайдағы эпидемиологиялық жағдаймен байланысты екенін түсіндірді. Әуе қатынасы қай кезде жанданатыны әлі белгісіз.

Министрліктің ақпаратында 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап Алматы – Нұр-Жолы – Үрімжі, Өскемен – Майқапшағай – Үрімжі, Жаркент – Қорғас – Құлжа, Аягөз – Бақты – Зимунай бағытымен жүретін автобус уақытша тоқталғаны жазылған.

1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар пойыздары жүрмейді.

Қытайдың Ухань қаласында коронавирусқа байланысты карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Қазақстан арнайы әуе рейсімен 83 қазақстандық пен 23 шетелдікті елге жеткізді. Арасында Қырғызстан, Армения және Беларусь азаматтары бар.

Қытайға қатынаған әуе компаниялары

Екі ел арасындағы жүйелі рейстерді Air Astana, SCAT (Қазақстан), China Southern Airlines және Air China (Қытай) компаниялары жүзеге асырды. Рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы және Қытайдың Бейжің, Үрімжі, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында болатын.

Билетті қалай қайтаруға болады

2020 жылдың 3 ақпанынан бастап жолаушылар билеттерін қайтара алады. Министрлік билет сатып алынған жерде қайтарылатынын атап өтті. Айыппұл салынайды. Билет құны толықтай қайтарылады.

Оқи отырыңыз: