Басты бет Қоғам Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы

Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы емес отбасыларға жәрдемақы төлене ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгіздік. Қазір оны 370 мың отбасы алып жатыр. Енді төрт баладан аз, бір, екі, үш баласы барлар да бізге де сондай жәрдемақы берілсе деген өтініштерін білдіріп жатыр. Қазір министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны есептеп жатырмыз. Бірақ, бұл мәселе, қаржы мүмкіндігіне байланысты», — деді Нұрымбетов мәжілісте өткен кездесуде.

Айтуынша, жаңа жәрдемақыны алатын 370 мың отбасының 125 мыңы тұрмысы төмен жанұялар. Ал бір, екі, үш балалы тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мың. Қазақстан бойынша 1-3 баласы барлар саны 2 миллион 904 жанұя. Яғни, он бес есе көп, деп жалғастырды министр.

«Сондықтан ол он бес есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, дәулетті, жағдайы жақсы отбасыларға осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па, ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ, оның бәрін қарап жатырмыз», — деп сендірді ол.

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлене бастады. Оның басты ерекшелігі — жәрдемақы табысына қарамастан төленеді. Ол бала санына қарай ай сайын беріледі.

Жаңа жәрдемақының мөлшері:

  • 4 балаға — 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...