Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдейді – Цой

Фото: pixabay.com

Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантиндік шектеулер жеңілдейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Цойдың айтуынша, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын және вакциналауға жататын халықтың 70%-тен астамының екпе алғанын ескеріп, ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 20 қазанынан карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік нысандардың (қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі және тағы басқа) пациенттеріне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғаны туралы құжат немесе мерзімі 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсету керек.

Сондай-ақ тек «жасыл» статусы бар адамдар үшін түнгі клубтардың жұмысы жанданады. Бірақ адам саны 50 пайыздан аспауға тиіс:

  • «жасыл» аймақта 100 адамнан;
  • «сары» аймақта – 70 адамнан;
  • «қызыл» аймақта 50 адамнан көп емес.

Бұдан бөлек, ASHYQ жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылады:

  • «жасыл» аймақта сағат 03.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 05.00-ге дейін;
  • «сары» аймақта 01.00-ге дейін, жоба лидерлері үшін – 03.00-ге дейін.

Оқи отырыңыз: