«Қазақстанда 5,5 миллион гектар ең құнарлы жерді 21 адам иеленіп отыр» – Күрішбаев

6
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Бұл туралы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда 21 шаруашылықта 5 жарым миллион гектардан астам жер бар, деп жазады skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Бұл көрсеткіш межеден өте көп. Егер ол жер игерілмей жатса, кері қайтару керек. Сол үшін ғарыштан бақылау арқылы жердің игерілгеніне мониторинг жасалуы тиіс», – деді сенатор.

Сондықтан депутат жер мәселесінің мән-жайын анықтап, оны шешуді талап етті.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ірі жер иеленушілер жайылым жерлерді адам аяғы баспайтындай етіп қоршап алғанын айтқан болатын.


Оқи отырыңыз: