Басты бет Қазақстан Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады

Ақпан айында орташа ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады деп болжануда. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Ақпанның басындағы ауа райы

Ақпан айының басында батыста, сосын республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын түсіп, тұман басады, көктайғақ болады.

Ауа райы жағдайын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, деп хабарлады Қазгидромет.

6-8 ақпан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қалың қар жауып, бұрқасындатады. Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер Иран аймағынан жылы ауа массалары түсетінін атап өтті.

  • батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8 градустан 0-5 градусқа дейін аяз, кей жерлерде +3° С, күндіз 0,-5° градустан 0,+7 градусқа дейін жылы болады;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28 градустан 0,-10 градусқа дейін, күндіз -8-15 градустан -3+2 градусқа дейін, кей жерлерде -6° С болады;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 0,-8, кей жерлерде -13 градустан -3+2 градусқа дейін, күндіз +2+7° градустан +5+12 градусқа дейін жылынады.

Ақпанның екінші жартысындағы ауа райы

Ақпан айының бірінші онкүндігінің соңында ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр:

  • солтүстікте түнде -10-20 градусқа дейін, күндіз -5-13 градусқа дейін;
  • оңтүстікте түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз 0,-7 градусқа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде циклондар мен антициклондар жиі алмасады. Ашық аязды күндер біршама жылы және жауын-шашынды күндерге ауысып отырады.

Ақпан айының орташа ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан бір градусқа жоғары, ал батыста климаттық мәнге жақын болады деп болжануда.

Қар көп жауады

Жауын-шашынның ай сайынғы мөлшері республиканың солтүстік-батыс жартысында, оңтүстікте, оңтүстік-шығыс және шығыста таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда нормадан жоғары болады деп болжануда. Қалған аумақта нормаға жуықтайды.

Болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...