Қазақстанда алдағы үш күнде жауын-шашын, найзағай, тұман күтілуде

Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Синоптиктер 21-23 ақпан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман, екпінді жел, күндіз Қазақстанның оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Ал кейбір өңірлерде температуралық фонның өзгеруі күтіледі. Мәселен:

  • Республиканың батысында түнде 0…-8 градустан -7…-15 градусқа дейін төмендеуі;
  • Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында -5…-15 градустан 0…-8 градусқа дейін жоғарылауы;
  • Орталықта -2…-15 градус аяздан -3…+3 градусқа дейін ауытқуы;
  • Республиканың оңтүстік жартысында түнде ауа температурасының -3 …+3 градусқа дейін жоғарлауы күтілуде.

Автор: Гүлмира Ерубаева