Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, түнде аяз болады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидромет мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде 22-24 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын мол түседі.

Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыста таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда апта соңында бұрқасын болуы мүмкін.

Еліміздің солтүстік және орталық аудандарында түнде ауа температурасы 5-13 аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірде 3 градус аяз болады.

Оқи отырыңыз: