Басты бет Экономика Қаржы Қазақстанда ертеңнен бастап қандай өзгеріс болады

Қазақстанда ертеңнен бастап қандай өзгеріс болады

Қазақстанның ұлттық банкісі 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап ақша айырбастауға қатысты талапты күшейтпек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Валюта айырбастау пунктерінің жұмыс уақыты шектеледі. Енді олар таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейді. Дегенмен теміржол вокзалы, әуежай, ойынхана, шекарадағы өткізу бекеттерінің аумағында тәулік бойы ақша айырбастауға болады. Сондай-ақ бұл операцияны жасау үшін жеке куәлік талап етіледі.

«Бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетел валютасын сату бағамын көтеру және халық арасында негізсіз дүрбелең тудыру фактілерін болдырмауға көмектеседі», — деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің басшысы Жомарт Қажымұратов.

Әрбір айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналы жүргізіледі. Онда клиенттің аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі жазылады.

Бұған дейін «ҚР қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық банк басқармасы қаулысының жобасы жарияланған болатын.

«Айырбастау пунктінің жұмыс режимін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға белгілейді», — деп жазылған қаулы жобасының 33-2 тармағында.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...