Басты бет Саясат Парламент Қазақстанда игерілмеген жерлерге салынатын салық 20 есеге артпақ

Қазақстанда игерілмеген жерлерге салынатын салық 20 есеге артпақ

Фото pixabay.com сатынан алынды

Елде игерілмеген жерлерге салынатын салық көлемі 20 есеге артуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті заңнамаға түзетулер енгізбекші, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Ол құжат жақын күндері Парламентте талқыланады. Бұл туралы бүгін министрліктің кеңейтілген алқа жиынында белгілі болды. Ведомство қожалықтар үшін енгізілетін бірқатар өзгерістер жайында айтып берді.

Биылдан бастап малды тірідей экспорттауға тыйым салынған, алайда бұған наразылық танытқан кәсіпкерлер ара-тұра бой көрсетті. Министрлік мұны уақытша құбылыс деп бағалады. Олардың пайымынша, малды сыртқа шығарғаннан елдегі ет бағасы едәуір өскен. Бұл өзгеріс сол үшін де қажет болды дейді. Алайда, ведомство ет бағасын тұрақтандыруға әлі кепіл бола алмай отыр.

Айдарбек САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

— Біз өндіреміз, ал дүкендер бөлшек саудада сатады. Ал оны бақылайтын Сауда және интеграция министрлігі. Арада делдалдар болуы мүмкін. Мен дәл соның ешбірі ет бағасына үстемақы қосып сатпайды деп дөп басып айта алмаймын.

Бұдан бөлек, ведомство игерілмеген жерлер үшін де талапты күшейтпек. Министрлік жыл басынан бері ғарыштан мониторинг жүргізу арқылы, бос жатқан жерлерді анықтап, 1,8 млн гектар жайылымды мемлекеттің меншігіне қайтарған. Биылдан бастап жерді иемденіп, бірақ игілігін көрмей отырғандарға айыппұлды еселеуді көздеп отыр. Тіпті оның пайдалану мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқартпақ.

Рүстем ҚҰРМАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

— Бұған дейін бос жатқан жерлер үшін салықты 10 есе артық төлейтін. Біз бұл мөлшерлемені қайта қарап, 20 есеге ұлғайтқымыз келеді. Арамызда 50 есеге дейін көтерейік деп ұсыныс тастап жатқандар да бар. Бұл кезде қожалық иесі бос жатқан жерінен өз еркімен бас тартады. Ал біз оны игере алатындарға береміз.

Министрлік жасаған зерттеу қорытындысына сенсек, барлық аймақта жайылымды жер жетіспеушілігі бар. Әсіресе оңтүстік өңірлерде. Бір қызығы осы уақытқа дейін шаруа қожалықтардың атына тіркелген 72,4 млн гектар аумақтың жартысында ғана төрт түлік жайылып жүр. Осыған байланысты құзырлы министрлік жергілікті атқамінерлерге тиісті шаралар қолдануды ескертіп хат жолдаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...