Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Болжам бойынша вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады», — деп мәлімдеді министрліктен.
Екпе егілетін адамдардың болжамды саны – 2 миллион 347 мың.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткен соң ғана басталуы мүмкін.
«Қазіргі таңда вакцина әлі әзірленген жоқ және бағасы да белгіленбеген», — деді ведомстводағылар.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі елде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.
6 шілдедегі мәлімет бойынша республикада барлығы 48 574 адам індетке шалдықты.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек бағасына рейд өткізуде
- Иммунитетке сеніп жүре беруге болмайды: коронавирустан қорғанудың жолы қандай
- Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай болды – видео
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз