Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті

145
Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі тағы екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Шұғыл ақпарат, дәл қазір белгілі болғандай, Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Ол – 1958 жылғы ер азамат, жеке кәсіппен айналысады. Ол кісі Мәскеуден 10 наурыз ұшып келген. Қазіргі кезде ол азамат стационарда карантинде жатыр», — деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы бір әйел анықталды. Ол Варшава – Нұр-Сұлтан ұшағымен келген. Осылайша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.

❗️ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша шұғыл ақпараты❗️Срочное сообщение Министерства здравоохранения по эпидемиологической ситуации COVID-19

Опубликовано Министерство здравоохранения Республики Казахстан Пятница, 13 марта 2020 г.

Кеше денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандықтан коронавирус табылғанын мәлімдеген болатын. Олардың біреуі Қазақстанға 9 наурызда, ал екіншісі 12 наурызда түнде ұшып келген. Артынша Нұр-Сұлтанда коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді. Науқас Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Кешке қарай төртінші адамнан коронавирус табылды. 76 жастағы азамат Германиядан Алматыға ұшып келген.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды