Басты бет Қоғам Қазақстанда коронавирус күдігімен бес адам ауруханаға жатқызылды

Қазақстанда коронавирус күдігімен бес адам ауруханаға жатқызылды

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) белгілерімен ауруханаға жатқызылған қазақстандықтардың саны артты, — деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

— Таңертең 4 науқас ауруханаға жатқызылды, Алматыда олардың екеуі бүгін босатылды. Күндіз Алматыда тағы бір адамның ауруханаға түскені туралы қосымша ақпарат келді, сондай-ақ Ақмола облысында бүтін бір отбасы ауруханаға жатқызылды, өйткені олар Қытайда болған. Олардың барлығында ЖРВИ белгілері бар, екі баланың қызуы жоғары. Ересектерде ерекше белгілер жоқ, бірақ олар байланыста болғандықтан, ауруханаға бәрі жатқызылды, — деді Бекшин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ауруханалар мен емханалар үшін әртүрлі типтегі медициналық бетперделер шұғыл сатып алынды, атап айтқанда 2,5 млн кәдімгі, 1,3 млн арнайы бетперделер.

— Бір реттік костюмдер, диагностикалық жабдыққа арналған материалдар да сатып алынып жатыр. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула және қашықтықтан термометриялық тексеру жүргізу үшін 33 қосымша құрал сатып алынады. Тағы да қайталап айтамын, бетперделер мен қорғаныс костюмдері, дәрі-дәрмектер барлығына жеткілікті, — деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...