Басты бет Оқиға Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Елордада тағы жеті адамнан коронавирус табылды. Осылайша, елде инфекцияны жұқтырғандар саны 44 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді», — делінген денсаулық министрлігінің ресми хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жеті адамның бәрі — 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары.

«Осы азаматтар бұған дейін коронавирус анықталған адамдармен жақын байланыста болды. Қазіргі кезде жетеуі де стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық», — деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді. 22 наурызға дейін қалаға кіруге және шығуға болады. Ал мейрам күні сағат 00:00-ден бастап барлық қатынас тоқтатылады. Екі қалаға көлік те, ұшақ та, пойыз да кірмейді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматының басшылығы қонаққа келген адамдарға қаладан тезірек шығып кетуге кеңес беріп отыр. Сыртта жүрген қала тұрғындары болса, үйлеріне қайтуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...