Басты бет Оқиға "Қазақстанда Польшаға арналған гуманитарлық жүк ұрланды": Алматы әуежайының өкілдері не дейді?

«Қазақстанда Польшаға арналған гуманитарлық жүк ұрланды»: Алматы әуежайының өкілдері не дейді?

Алматының халықаралық әуежайы «Польшаға арналған гуманитарлық жүк ұрланды» деген болжамды жоққа шығарды. Қытайдан келген ұшақ Алматы қаласында екі рет жанар-жағармай құю үшін аялдаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Украинаның «Мрия» атты алып ұшағы Варшаваға медициналық жүк жеткізген. 12 сәуірде Қытайға ұшып бара жатқанда Алматы әуежайында қонып, жанар-жағармай құйған. Ал 14 сәуірде қайтар жолда екінші рет аялдаған. Сол кезде борттан ұшақты жетектегіш құралын шығарып, тұраққа қойған болатын.

Гуманитарлық көмек Польшаға жеткеннен кейін блогерлер жүктің салмағын салыстырып көрді. Бас кезінде министрлік Қытайдан 400 тонна медициналық жүк келеді деген. Алайда ұшақ келгеннен кейін гуманитарлық көмектің салмағы 96 тонна болып шықты. Осыдан кейін желі қолданушылары қалған 150 тонна жүктің қайда кеткенін сұрай бастады. Ұшақтың Алматыда екі рет аялдағанын да еске алды.

Алматының әуежайы транзиттік тұрақ кезінде жүкті түсіру мүмкін емес екенін мәлімдеді.

«Мұны теориялық тұрғыда жасау мүмкін емес. Себебі ұшақтың тұмсық жағын ашқанда борттың жанында әуежайдың техникалық қызметтерінен бөлек кеденшілер, шекарашылар мен экипаж өкілдері де тұрады. Ал экипаж командиріне жүк үшін жеке жауапкершілік жүктелген», — дейді әуежай мамандары.

Ресми мәліметке сәйкес, барлық тұрақтар тәулік бойы бейнебақылауға түсіріледі. Жазба бір ай сақталады.

Әуежай қызметкерлері гуманитарлық жүктің салмағын да түсіндірді.

«Польшаға медициналық құралдардың, соның ішінде маскалар, комбинезондар және тағы басқа заттардың жеткізілгенін ескеру керек. Ондай жүк көп орын алады, ал салмағы аз. Оған қоса, 400 тонна жүк жеткізілуі тиіс деген, ал ұшақтың жүк көтеру көрсеткіші 250 тонна ғана», — деп атап көрсетті мамандар.

Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар арқылы Польша тарапынан наразылықтың болмағанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстанда 5,5 миллион гектар ең құнарлы жерді 21 адам иеленіп отыр» – Күрішбаев

Бұл туралы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда 21 шаруашылықта 5 жарым миллион гектардан астам жер бар, деп жазады skifnews.kz ақпараттық порталы. «Бұл...

Алматыда күйеуімен ұрсысып қалған әйел екі баласының көзінше көліктің астына түсті

Алматыда жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып кетті. Дәрігерлер оның аса ауыр жағдайда ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл...

Үкіметте Жұманғарин тұрғын үй бағасын қалай төмендеткендерін айтты

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тұрғын үй құрылысы нарығындағы ахуалға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бірінші нарықтағы тұрғын үйге бағалары 3%-дан 0,4%-ға...

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге бола ма – дін комитетінің жауабы

Мемлекеттік мектепте де, жеке білім беру ордасында да хиджаб кию ел заңына қайшы. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты дін істері комитетінің...

Павлодарда ер адам көшедегі адамдарға пышақ ала жүгірген

Павлодарда полиция қызметкерлері көшедегі адамдарға жөн-жосықсыз пышақ сілтеген ер адамды залалсыздандырды, деп хабарлайды zakon.kz. Павлодар облыстық полиция департаменті атап көрсеткендей, 7 қыркүйекте сағат 11:10-да полицияға...

«Халық күтіп отыр»: депутат Қытаймен шекаралас аудандарға төнген қауіпті атады

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Шығыс Қазақстан облысының Қытаймен шекаралас аудандарының болашағына алаңдады, деп жазады Sputnik Қазақстан. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның аймақтық саясатын жүйелендіру туралы...

Қазақстандағы әр пәтер мен үйді полиция тексереді

Қазақстанда 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында "Жергілікті" жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Ол тұралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды...